Өнеркәсіптік автоматтандыру (ТПБАЖ), телемеханика және телеметрия жүйелері

Автоматтандырылған жобалау жүйелерінде (АЖЖ) конструкторлық-технологиялық құжаттама жиынтығын рәсімдеу, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу, ТПБАЖ жүйелерін жоба алды тексеру – бұл өнеркәсіптік автоматтандыруды қажет ететін көп еңбек жұмсалатын шаралардың азғана бір бөлігі. Өнеркәсіпті автоматтандыру - «Aventis group» ЖШС қызметінің негізгі бағыттарының бірі.

Қойылған міндетті барынша жылдам шеше алатын түрлі деңгейдегі АЖЖ-мен жұмыс істеу дағдылары бар сарапшылар қызметкерлеріміздің штатын құрайды.
Біз сонымен қатар таратушы желілерде және ірі кәсіпорындарда телемеханика, диспетчерлеу және энергияны есептеу жүйелерін дамыту және енгізу бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынуға маманданамыз.
Осындай құралдардың тиімді әрі үйлесімді жұмысы үшін өнеркәсіптік кәсіпорын қызметі жағдайында оларды жобалау, жасау және интеграциялау процесін сапалы ұйымдастыруы қажет.
«Aventis group» ЖШС мамандары телемеханика және телеметрия жүйелерін таңдау мен орнатуға жан-жақты көмектесуге әзір.

Өндіріс процестерін автоматтандыру нені білдіреді
ТПБАЖ:


- ТПБАЖ жобалау-іздестіру шараларымен және жүйелердің жоба алды тексеруімен;
- АБЖ-да жобалық құжаттама жиынтығын әзірлеумен;
- арнайы жабдықты жеткізумен және бағдарламалық қамтым пакеттерін интеграциялаумен;
- ТПБАЖ пайдаланатын қызметкерлердің біліктілігін арттырумен;
- автоматтандырылған жүйелердің кіру деректерін оңтайландырумен байланысты барлық жұмыстар кешенін білдіреді.
«Aventis group» ЖШС: кез келген кәсіпорынды автоматтандырудың кешенді және жедел тәсілі.

Телемеханика және телеметрия жүйелерін жіктеу
Телемеханика жүйелерінің болуы кеңейтілген опцияларды жүзеге асыруға ықпал етеді, атап айтқанда:


- апаттық жағдайларды бақылау және ескерту жүйесі. Оператор алдын ала жабдықтың қаупі және штаттық пайдалануындағы бұзылыс туралы сигнал алады;
- энергия ресурстарын басқару және есепке алу жүйесі. Техникалық деректерді бір жерге жинауға мүмкіндік береді және операторға ресурстарды бақылаумен байланысты өзекті ақпаратқа рұқсат береді.
Телеметрия жүйелерін қосымша интеграциялау кезінде кеңейтілген мүмкіндіктер пайда болады:
- резервті автоматты енгізу құралдары (операторды нақты тартпай, қауіпсіз басқару мүмкіндігі);
- жүктемені бақылу және басқару, қолмен басқару жүйелерімен кері байланыс опциясы;
- электр қорегі параметрлерін және өзекті деректерін мониторинг жасау (аз энергия тұтынуды қамтығанда).

3G модем негізінде телеметрия жүйесі – функционалды сызба.