Жобалау-іздестіру жұмыстары

Жобалау-іздестіру жұмыстары ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мақсаты – технологиялық процестерді автоматтандыру және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйелерін кәсіпорында енгізу жөнінде оңтайлы шешім мен тиімді тәсілді жасау.

Инженерлік коммуникациялар жүйесінің болуы, объектінің жалпы ауданы, ұйымдастырудың технологиялық процестер деңгейі – бұл жоба алды тексерісі кезінде ескерілуі қажет негізгі аспектілердің аздаған тізімі.
Түрлі мақсаттағы кәсіпорындарда жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру «Авентис Групп» ЖШС-ның негізгі мамандануының бірі болып саналады.
Біз күрделілік санатына қарамастан, жобалау-іздестіру жұмыстарының жеделдігіне және сапасына кепілдік береміз.

Кәсіпорынның жоба алды тексерісі нені қамтиды
Жобалау-іздестіру жұмыстар кешені келесі шараларды қамтиды:


- технологиялық процестер сапасына, сондай-ақ, электр энергия жүйелеріне қатысты жан-жақты ақпарат жинау үшін кәсіпорынды аралау, техникалық тексеру және құжаттау;
- орнатылған энергетикалық жабдықтың жұмыс істеу тиімділігін бағалау;
- энергия шығындарын азайту үшін әдістер мен құралдарды іздестіру, сондай-ақ, ұсыныстар жасау;
- электр энергия шығынын жою мен тұтынуды азайту шаралары жоспарын жасау;
- жобалау және конструкторлық құжаттаманы рәсімдеу.