Өндірістік мақсаттағы деректерді тарату желістерін ұйымдастыру

Өндірістік мақсаттағы деректерді тарату желістерін құру энергияны үнемдейтін кешен байланысы жүйелерін реконструкциялаумен және/немесе ұйымдастырумен, сондай-ақ, бейнебақылау жүйелерін монтаждау және баптаумен байланысты жұмыстардың толық кешенін білдіреді. Инженерлі коммуникациялар желістерін тарту, диспетчерлік байланыс пунктерін орнату, талшықты-оптикалық байланыс желістерін (ТОБЖ) ұйымдастыру – барлық осы шаралар деректерді тарату желістерін ұйымдастыруға тікелей қатысты.

«Aventis group» ЖШС құзыреттерінің негізгі салаларының бірі – түрлі мақсаттағы кәсіпорындар қызметі жағдайында көп деңгейлі желілерді құру.
Біздің мамандар осы қызметті ұсынумен байланысты барлық жұмыстарды телекоммуникациялардың жоғары технологиялық жабдығы мен озық құралдарын қолданып жүзеге асырады.

Деректерді тарату желілерін құру процесі неден тұрады


Өндірістік мақсаттағы желілерді ұйымдастыру талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартумен байланысты шаралардың толық кешенін білдіреді. Желілерді монтаждау алдында олардың жобасы жүзеге асырылады, басқа инженерлік коммуникация жүйелеріне қатысты кабельді тарту және орналастыру тәсілі таңдап алынады.
ТОБЖ кабелі кабельді коллекторға, тікелей топыраққа немесе аспалы тәсілмен (ауадағы коммуникация желілері) тартылады.
«Aventis group» ЖШС: ең қысқа мерзім ішінде өндірістік мақсаттағы деректерді тарату желілерін құру.
Егер де сізде ЭКЕАЖ жобалау және жасау процесімен, жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру тәртібімен, сондай-ақ, өндірістік мақсаттағы деректерді тарату желілерін және телеметрия жүйелерін құрумен байланысты қандай да бір сұрақтар туындаса, біздің менеджерлердің кәсіби кеңесін пайдаланыңыз.